Жыл соңына дейін 2 триллион теңге инвестиция тартылады
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ерболат Досаев биылғы бірінші жартыжылдықтағы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы баяндады:
Ерболат Досаев қоғамдық көлікті жаңарту мен экологиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша мәлімет берді:
Қаланың жоғарғы бөлігін сумен қамтудың резервтік схемасын жасау жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.
Бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары биылғы шілде айында аяқталып, 6 жаңа ұңғыма және 1,5 шақырым магистральдық құбыр пайдалануға берілді. Нәтижесінде қосымша схеманың қуаты 60 пайызға артты. Бұл Медеу ауданының 50 мың тұрғынын сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Досаев.
Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты:
Мектептердегі орын тапшылығын азайту бойынша, жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен 3,7 мың орындық 8 нысан пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 6,4 мың орындық 10 жеке меншік мектеп ашылады, - деді әкім.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамытуға, сондай-ақ Алматы экономикасын әртараптандыру аясында шағын және орта бизнес үлесінің өсуі есебінен кірісті одан әрі арттыруға баса назар аударуды тапсырды.