Президент қол қойды: екі заңға өзгеріс енгізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл электрмобильдерге және әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.