18.07.2024, 17:00
Үкімет
Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленді: 20 су қоймасы салынады
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
Фото: Су ресурстары министрлігі
Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжат Парламент Мәжілісіне енгізілді және су тасқыны мен құрғақшылық сияқты төтенше құбылыстарды болжауды, жоспарлауды және оларға ден қоюды қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы су пайдалану үшін маңызды құрал болады.
Кодексте:
- суды пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейту
- бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік су инспекторларының функцияларын кеңейту
- жедел әрекет етудің жаңа құралдарын енгізу қарастырылады.
Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы:
- жаңа 20 су қоймасын салу
- 15 су қоймасы мен 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдарды реконструкциялау
- еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту үшін гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту
- су тасқынының алдын алу және олардан келетін залалды азайту үшін кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу
- кадрлық әлеуетті арттыру және инфрақұрылымды дамытуды көздейді.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды