Олар жоспар бойынша қызметін атқарып жатыр
Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин Голан жоталарына аттанған қазақстандық бітімгерлер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy
«Наурыз айында 139 әскери қызметшіміз Голан жоталарына бітімгерлік миссиясын атқаруға аттанған болатын. 4 айға жуық уақыт болды. Қазір жағдайлары қалыпты. Әскери қызметшілеріміз Голан жоталарында күнделікті міндеттерін жоспарға сай орындап жатыр. Жоталардағы қолбасшылық тарапынан қызмет атқаруға қажет барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілді. Бүгінде әскери қызметшілермен тікелей байналыстамыз. Әр уақытта ұдайы байланыстамыз», - деді Жангулин ОКҚ-да өткен брифингте.