$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Біз ешбір елдің артынан ермейміз»: Жүсіпов Қарулы күштердің қаруқары қандай екенін айтты

Ол әскер технологиянып жатқанын айтты

«Біз ешбір елдің артынан ермейміз»: Жүсіпов Қарулы күштердің қаруқары қандай екенін айтты
Фото: gov.kz

Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Сәкен Жүсіпов қаңтар оқиғасынан кейін барлығы өзгергенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қаңтардан кейін тек Қарулы күштерінде ғана емес, барлығы өзгерді. Қарулы күштерінде тұрақты түрде қарулы даулар бойынша әлемдік тәжірибені зерттеп отыратын құрылымдар бар. Қарулы күштер жайлы айтатын болсақ, дайындық барысына бірқатар өзгеріс енгізілді. Белгілі бір өзгертулер енгізілді. Бұл жабық ақпарат болған соң, ашып айта алмаймын», - деді Жүсіпов.

Генерал-майорға «елімізге шабуыл жасалған жағдайда, қарулы күштер қанша уақытқа шыдайтыны» жайлы сұрақ қойылды.

«Біз қанша уақытқа шыдайтынымыз белгілі бір жағдайларға байланысты болады. Қазір ол туралы айтып қажет емес. Қарулы күштері әркез дайын. Біз ешбір елдің артынан ермейміз. Бізде қарулы күштерді дамытудың жоспары бар. Бізге шекаралас елдерде болып жатқан барлық қақтығыстарды ескеріп отырамыз. Онда қандай жағдай болып жатқаны емес, технологияны дамыту тұрғысынан қараймыз. Ұшқышсыз ұшатын дрондардың болуы үшін біреуге қарап қажет емес, бұл қазіргі заманның талабы болып отыр. Сондай-ақ жасанды интеллектіні де қолдану қарастырылуы мүмкін», - деді Жүсіпов.

Серіктес жаңалықтары