Серік Борамбаев Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Azattyq Rýhy

Бұған дейін Сәкен Бекжанов бұл лауазымды атқарды

Серік Борамбаев Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сәкен Мансұрұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Серік Жақсығалиұлы – Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесінің, ҚР РФ Әскери университетінің, ҚР РФ Әскери университеті жанындағы адъюнктурасының, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстардың түлегі.

Серік Борамбаев қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған. Әр түрлі жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, ҚР ҚК Әскери-теңіз басқолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.