Екі миллион бас мал қайда: АШМ бұрмаланған деректерді жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

2 миллион бас мал, 3 миллион тонна сүт есептен шығарылады

Фото: gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров саладағы негізгі проблеманың бірі - статистикалық деректерді бұрмалау мәселесін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біріншіден, шикізаттың қымбатшылығы мен жеткіліксіздігі. Статистика бойынша шикізат мал шаруашылығында жеткілікті, бұл деректер шындыққа жанаспайды. Мысалы, жылда, ресми статистика бойынша, 6,5 млн т шикі сүт өндіріледі, алайда 180 кәсіпорында 2,1 млн т ғана өндіріледі. Сонда осыншама сүт бола тұра қалай шикізат жетіспейді? Бұл мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы көпжылдық статистиканы бұрмалау тәжірибесімен түсіндіріледі», - деді министр. 

Осыған байланысты статистикалық деректерді қалыпқа келтіретін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс нәтижесінде 2 млн бас мал, 3 млн т сүт есептен шығарылады.