$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2024, 20:07
Үкімет

Жаңа ЖЭО салуға БЖЗҚ қаражаты жұмсалмайды – Скляр

Жобалар осы энергетикалық жабдықты өндіруші елдің жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі

Жаңа ЖЭО салуға БЖЗҚ қаражаты жұмсалмайды – Скляр
Фото: Үкімет

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа ЖЭО құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі таңда еліміздің барлық энергия көздерінің белгіленген қуаты 21 мың МВт құрайды, алайда қолда бар қуаты — 16 мыңға жуық.

«Қуат көзіне қажеттілік шамадан тыс артатын уақытта біз сырттан 2 мың МВт жуық электр энергиясын сатып аламыз. Бұл, әрине, өте көп. Осыған байланысты жаңа энергия көздерін тезірек салу қажеттілігі туындайды. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш ЖЭО салу және ГРЭС-2 үшінші энергия блогын салу туралы келісімге қол қойылды», — деді бірінші вице-премьер.

Бұл жобалар осы энергетикалық жабдықты өндіруші елдің жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін болады.

«БЖЗҚ қаржысы қарастырылмаған және қарастырылмайды да», — деп түйіндеді Роман Скляр.

Серіктес жаңалықтары