20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп беріп, министрліктің штаттық құрылымын оңтайландыру және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталу деңгейін арттыру мәселелері туралы баяндады.
Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жайында айтты:
Құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдауды күшейту шаралары туралы мәлімет берді.