20.06.2024, 14:29
Үкімет
«Кептеліс болса, даму бар»: вице-министр елордалықтар шағымына жауап берді
«Ал даму — бұл жақсы»
Фото: gov.kz
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Сенаттың жалпы отырысынан кейін елордадағы көлік кептелісіне пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Іс жүзінде жол салу министрліктің нормативтік құжаттарына кіреді. Дегенмен, бұл — жергілікті атқарушы органның құзіретіндегі шаруа. Онда автомобиль жолдары басқармасы бар. Мұның бәрін солар жоспарлайды», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына.
Вице-министр өткен жылы Астананы дамыту мәселесі талқыланғанын, оның барысында тұрғындар да, журналистер де ұсыныс енгізгенін атап өтті.
«Дегенмен, кептеліс — ағымдағы жөндеу жұмыстары. Кептеліс болса, демек, даму жүріп жатыр деген сөз. Ал даму — бұл жақсы», - деді Мақсат Қалиақпаров.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды