Төтенше жағдайлар министрінің қолындағы сағаты неше теңге тұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Шыңғыс Әрінов аксессуар құнын айтудан бас тартты

видеодан скриншот

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов журналистердің сұрағына жауап беруден қашқақтап, қолындағы сағатының неше теңге екенін айтпай қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сұрақ қойған журналистің айтуынша, Қазақстанда жалақының аздығына налыған құтқарушылар «біздің жалақымыз аз болса да, төтенше жағдайлар министрінің қолындағы сағаты 2 млн теңге тұрады» деген мағынада мәлімдеме жасаған. Осыған байланысты «сағатыңыздың құны неше теңге?» деген нақты сұраққа Шыңғыс Әрінов нақты жауап бере алған жоқ.

«Сағатымның құны 2 млн теңге емес...сыйлыққа алғамын, қарапайым сағат. Неше теңге тұратынын білмеймін, бірақ, нақты 2 млн теңге емес», - деді ол.

Тегтер: