Отандық кәсіпорындар тәулігіне 1 млн маска шығарып отыр ма?

Автор: Azattyq Rýhy

ИИДМ-ге тәулігіне 1 млн маска өндіру міндеті жүктелген еді

фото: Батыржан Беспаев

Қазақстанда медициналық маска шығаратын отандық 6 фармацевтикалық кәсіпорын бар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, аталмыш кәсіпорындарда тәулігіне 200 мыңнан астам медициналық маска өндіріп шығарады.

«Dolce» (Алматы облысы) тәулігіне 60 мың дана; «Super-pharm» (Жамбыл облысы) тәулігіне 70 мың дана; «Mega Pharma» ЖШС (Жамбыл облысы) тәулігіне 50 мың дана; «Medical Active Group» ЖШС (Алматы қаласы) тәулігіне 5-6 мың дана; «Мерусар» ЖШС (Павлодар қаласы) тәулігіне 5 мың дана; «ТК-Фарм Актобе» ЖШС (Ақтөбе қаласы) тәулігіне 15 мың дана.

Алайда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне маска өндірісінің көлемін тәулігіне 1 млн данаға дейін жеткізу туралы міндет қойылған еді. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тігін кәсіпорындарын тарта отырып, бүгінде аталған көрсеткішке қол жеткізілген.