Қостанайда 70 мың көлік құрастырылады деген жоспар бар

Автор: Azattyq Rýhy

Роман Скляр Hyundai Motor Group вице-президентімен кездесті

Фото: primeminister.kz

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті Ким Донг Вукпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында тараптар шетелдік инвестордың Қазақстан үкіметі жүргізіп отырған локализация саясатына белсенді қатысуын талқылады.

«Былтыр компания Қостанайда автомобиль шығаратын зауыт құрылысын бастады, оған $200 млн инвестиция тартылады. Жылына 70 мың автомобиль шығаратын зауыт Оңтүстік Кореядан тысқары елдегі алғашқы ірі өндіріс орны болмақ. Зауыт 1,5 мың адамды, ал бір-бірімен байланысты салаларды есепке алғанда 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп болжанып отыр», - деп хабарлайды үкіметтің сайты.