130 мыңнан астам медициналық маска жіберілген
2020 жылғы 24 сәуірде ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Үрімшіден (ҚХР) Нұр-Сұлтанға медициналық жүк жеткізілді. Медициналық бұйымдарды Қытайдың бірқатар провинциялары, мемлекеттік органдары және компаниялары жолдаған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Медициналық жүктің ішінде 131 500 дана маска, 10 900 дана қолғап, 100 дана термометр және 720 дана арнайы қорғаныс киімі бар.
«Бұл гуманитарлық көмек Қазақстан мен Қытай халықтарының берік достығының анық айғағы», - делінген хабарламада.
Гуманитарлық жүкті мемлекеттік органдар мен мекемелерге тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.