Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Фото: Ақорда

Бүгін, 10 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Қуанышбек Есекеев 2010 жылдың наурыз айынан бастап "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.