Тозған 44 пайыз пойызды жаңарту үшін мың вагон да жетпейді – Қарабаев

Автор: Azattyq Rýhy

Зейнетақы қорындағы қаражатқа биыл 140 вагон алынды

Фото: видеодан скриншот

Мәжіліс кулуарында Көлік министрі Марат Қарабаев пойыздардың 44 пайызы тозғанын, бұл мәселе алдағы бірнеше жылда шешілмейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Олардың сапасы айтарлықтай емес. Себебі, қолданылып жатқанына 20 жылдан асқан. Ал ескі вагондар саны қанша екенін қосымша айтамыз. Мыңнан астам жаңа вагон аламыз. Бірақ ол толық 100 пайыз жаңарту үшін жетпейді», - деді ол.

Айта кетерлігі, жыл басында вагон сатып алуға зейнетақы қорынан 184 млрд теңге бөлінді. Қаржының қанша пайызы меңгерілгенін министр нақтылап айта алмады.

Еске салайық, министр Алакөл, Балқашқа билет сатып алу неліктен мүмкін емес екенін түсіндірді