Алакөл, Балқашқа билет сатып алу мүмкін емес: Көлік министрі жауап берді (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Марат Қарабаевтың айтуынша, пойыздардың 44 пайызы тозып кеткен 

Фото: видеодан скриншот

Пойыздар тозған, туристік маусым қарсаңында ескі пойыздың өзіне билет табу мүмкін емес. Неге? Журналистер сауалына Көлік министрі Марат Қарабаев жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Былтыр 118 жолаушылар вагоны сатып алынса, биыл 140 вагон сатып алынады. Оның бәрі отандық өнім, Петропавл қаласында зауыттан шығатын вагондар. Алдағы бес жылда 1000-нан астам қосымша вагон сатып алынады», - деді Көлік министрі Марат Қарабаев.

Сонымен қатар, ол арзандатылған билеттер сатылатынын айтты. Алайда оның бағасы қанша, сатылым қашан ашылатыны туралы дерек келтірмеді.

«Алакөл бағыты бойынша қосымша пойыздар жүреді. Көлемі бойынша 12 пойызға дейін қарастырылған. Сонымен 3 тальго іске қосылады. Ал Балқаш бағыты бойынша Алматы мен Астанадан арзандатылған билеттер сатылады», - деп қысқа қайырды вице-министр.