24.05.2024, 12:03
Үкімет
Қазақстанда полицияның жаңа бөлімдері құрылды
Тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды
Фото: Polisia.kz
Қазақстанда полицияның жаңа бес бөлімі және емханасы бар госпиталь құрылады. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаулы Нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған.
Оған сәйкес:
- «ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Мақаншы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Жаңасемей ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің емханасы бар госпиталі» мемлекеттік мекемесі құрылады.
Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Ішкі істер министрлігін ұстауға арналған және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Көп оқылған
16.06.2026, 10:23
«Жастары елуге таяған»: Абай облысындағы жағажайда бұтаның арасына дәрет сындырған үш әйел «Сергекке» түсіп қалған (ВИДЕО)
16.06.2026, 09:59
БҚО-да үш көлік соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды
16.06.2026, 21:17
Саратовтан Алматыға келе жатқан жолаушылар пойызы апатқа ұшырады
17.06.2026, 09:00
«Бұл – мен жататын жер»: Алматыда түрмеден шыққан кәсіпкер бұрынғы әйелінің мәйітін қаздыру үшін немересімен соттасып жатыр
16.06.2026, 17:47
«Ата-анамнан айрылып қалдым»: қазақтың қос ақыны жол апатынан қаза тапты