Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұған дейін «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры болған

Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Ол бұған дейін «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры лауазымын атқарған. Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы 10 сәуірде дүниеге келген.

Білімі:

1999 ж. - М.Тынышбаев атындағы көлік және комуникация қазақ академиясын Теміржол көлігін тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2003 ж. - Л.Гумилев атындағы ұлттық Евразиялық университетін қаржы және қаржы құқығы мамандығы бойынша бітірген.  

2018 ж. - Stafford House халықаралық мектебі (Бостон, АҚШ).

Айта кетейік, Қилыбай 2018-2020  жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған.