Тоқаев Аида Балаеваға креативті индустрияны дамыту туралы міндет жүктеді

Автор: Azattyq Rýhy

Аида Балаева ведомство жетекшілік ететін салаларды дамытуға қатысты жоспарын айтты

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорда хабарлағандай, Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндаған.

«Балаева ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты», - деп хабарлайды Ақорда.  
 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді.

Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау және аталған саланы жедел дамыту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.