«СҚ-Фармация» басшысы тағайындалды
Берік Шәріп бұған дейін «СҚ-Фармация» басшысының міндетін атқарушы болды
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, Берік Шәріп «СҚ-Фармация» ЖШС-ы басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Ол 2018 жылдың мамыр айынан бастап компания басқармасы төрағасының орынбасары қызметімен қатар «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды.
Еңбек жолын Астана қаласы бойынша қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының көшпелі бригадасының фельдшері ретінде бастаған, Астана қаласының Бірінші қалалық ауруханасының хирургия бөлімшесінің, ЖИТС-пен күрес орталығының дәрігері болып жұмыс істеген. Астана қаласы мен ОҚО денсаулық сақтау Департаменттеріндегі әр түрлі позицияларда жұмыс істеді.
2009 жылдан 2012 жылға дейін «СҚ – Фармация» ЖШС Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі, 2012 жылдан 2017 жылға дейін – «ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК стратегиялық даму жөніндегі бас дәрігердің орынбасары міндеттерін атқарды. 2017ж. тамыз айынан бастап 2018ж. мамыр айына дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
Берік Шәріп 1981 жылы туған. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясын емдеуісі, дәрігер-хирург мамандығы бойынша бітіріп шықты, 2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде «Экономика саласындағы құқықтықреттеу» мамандығы бойынша заңтану бакалавры дәрежесіналды, 2012 жылы Халықаралық бизнес академиясында Іскерлік әкімшілік магистрі, MBA дәрежесін алды. DBA-Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы (2016) және European university Business School, Switzerland 2017ж. іскерлік әкімшіліктендіру докторының дәрежесіне ие болды.