$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Батыста жағдай күрделеніп, су Ақмола облысына келіп жатыр». ТЖМ су тасқыны жайлы

5 мыңнан астам тұрғын үй су астында қалған

«Батыста жағдай күрделеніп, су Ақмола облысына келіп жатыр». ТЖМ су тасқыны жайлы
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов еліміздегі су тасқынының жағдайы жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Бауыржан Сыздықов атағандай, қазір Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

«Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайыққа қарай су аққан соң, жағдай күрделе түсті. Ал солтүстікте су Ақмола облысына келіп жатыр. Павлодар, Қарағанды, Ақмола  облысында жағдай тұрақты. Жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп  төмендеп жатыр. Бұл елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгінде 5 мыңнан астам тұрғын үй, 16 мыңнан астам саяжай, бір мың аула және 94 аула су астында қалып отыр», - дейді Сыздықов.

Вице-министр хабарлағандай, 10 облыста жергілікті ауқымдағы 41 төтенше жағдай жарияланды.

«Қазір Абай және Павлодар облыстарының 3 ауданында төтенше жағдай шешілді. Зардап шеккен елді мекендерге су жеткізу, энергиямен жабдықтау және көлік қатынасын қалпына келтіру мәселелері министрліктің үйлестіруімен жедел шешіліп жатыр. Су тасқынын жою жұмыстары басталғаннан бері шамамен  11,6 миллион текше метр су сорылып, 5 миллионнан астам қап төселді», - дейді ол.

Сыздықов атағандай, құтқару және шұғыл жұмыстарды атқару кезінде тиімді әдістер мен тәсілдер қолданылған.

«Мысалы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында понтон көпірлерін орнату және тез арада су бұру арналарын салу әдісі қолданылды. Бұл шаралар көлік байланысын қамтамасыз ету мен су басу қаупін азайтуға мүмкіндік берді. Зардап шеккендерді эвакуациялау және орналастыруға қатысты барлық мәселелер шұғыл шешіліп жатыр, азаматтарға дер кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсетілді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары