Атырау облысында 226 бизнес су тасқынынан зардап шеккен
Олардың арасында дүкен, наубайхана, жылыжай мен шаруа қожалықтары бар

Атырау облысы бойынша 226 бизнес нысан су тасқынынан зардап шеккен. Бұл жөнінде Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабиров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Олардың арасында дүкен, наубайхана, жылыжайлар және шаруа қожалықтары бар. Су тасқыны кезінде бизнеске қандай залал келгенін бағалау үшін қазір өңірлік комиссия құрылып жатыр. Бүгінге дейін Жылыой ауданының кәсіпкерлерінен 226 өтінім қабылданды»,- деді Сәттіғұл Сабиров.
Айта кетейік, Жылыойда тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлерге кеңес беру орталығы жұмыс істейді. 22 сәуірде жұмысын бастаған орталықта су тасқынынан келген шығынды өтеу бойынша кеңес айтылады.