$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаржыны дұрыс игере алмаған мемлекеттік органдар аталды

Игерілмеген республикалық бюджет сомасы – 45 млрд теңге

Қаржыны дұрыс игере алмаған мемлекеттік органдар аталды
Фото: freepik.com

Ең көп игерілмеген республикалық бюджет сомасы туризм және спорт, мәдениет және ақпарат министрліктері мен мемлекеттік күзет қызметіне тиесілі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,6%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,2%-ға жергілікті бюджеттердің шығыстары 95%-ға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 3,7 трлн. теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 70 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:  үнемдеу – 25 млрд. теңге. Игерілмегені – 45 млрд. теңге. Ең көп игерілмеу сомасы туризм және спорт, мәдениет және ақпарат министрліктерінде және мемлекеттік күзет қызметінде қалыптасты», - деді Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында.

Министрдің сөзінше, мемлекеттік сатып алу бойынша 670 млн теңгенің конкурстары өткізілмеген, 19 214 млн теңгенің конкурстық рәсімдері мен шарттар жасасу рәсімдері уақытынан асып барып өткізілген.

Авторы: Айжан ТЕМІРХАН 

Серіктес жаңалықтары