Елімізде 211 дәрігер коронавирус жұқтырған – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда қауіпті індет жұқтырғандардың 20,5%-ы - дәрігерлер

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 20,5 %-ы дәрігелерлер екенін мәлімдеді. Көбі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында. Алайда, коронавирус жұқтырып алған 211 дәрігердің 74-і ғана тікелей коронавируспен ауырғандарды немесе күдікті науқастарды емдеген мамандар.

«Олардың 20-сы Нұр-Сұлтанның карантин орталығында, 10-ы Қарағандының, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының провизорлық стационарларында. Ал жұқпалы ауруханаларда 44 дәрігер бар. Нақтырақ айтсақ, Алматыда – 28, Нұр-Сұлтанда – 9, Атырау облысында – 4, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарында бір жағдайдан», - деді Л.Бұйрабекова.

Инфекциялық емес, алғашқы көмек көрсету орталықтарында науқастармен байланысып, 51 адам вирус жұқтырған, олардың 21-і комитеттің санитарлық-эпидемиологиялық қызметкері.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан