6 қаңтарда Үкіметтің жаңа құрамы толық жасақталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhу.
Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.
5 ақпанда Президент Үкіметтің отставкаға кетуі жайлы қаулыға қол қойды.
«AMANAT» партиясы Үкімет басшысының лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Бұл кандидатураны Президент қолдап, Мәжіліс жалпы отырысында депутаттармен талқылады. Үміткерге 69 депутат дауыс берді. Президенттің жарлығымен Олжас Бектенов Премьер-Министр болып тағайындалды.
Кейін Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды.
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ұлттық экономика, қаржы, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау министрліктерінің жаңа басшыларын таныстырды.
Мәди Такиевті Қаржы министрлігінің ұжымына, Шыңғыс Әріновті Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына, Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына Ақмарал Әлназарова таныстырылды.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ