Бүгін Олжас Бектенов Премьер-министр қызметіне тағайындалды. Содан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет қайта жасақталып, министрліктердің басшылары сайланды. Сонымен министр өз қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
- Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымын сақтап қалды.
- Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Сәденовті Қазақстанның ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындады.
- Азамат Есқараев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әділет министрі лауазымында қалды.
- Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі қызметінде қалды.
- Айдарбек Сапаров Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында қалды.
- Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына қайта тағайындалды.
- Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды.
- Ерлан Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып қайта тағайындалды.
- Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымын сақтап қалды.
- Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып қайта тағайындалды.
- Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына қайта тағайындалды.
- Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болып қайта тағайындалды.
- Марат Қарабаев Көлік министрі болып қалды.
- Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта тағайындалды.
- Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына қайта тағайындалды.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.
Тиісті құжаттар Ақорда сайтында жарияланды.