Қазір Атырау облысы бойынша коронавирус жұқтырғандар 39 адамға жетті
Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері болып Темірбек Мұсағалиев тағайындалды. Ол Ұлттық сараптама орталығының Атырау облысы бойынша филиалы басшысының міндетін атқарушы болып, екі қызметті қатар алып жүретін болады. Бұл туралы Ақ Жайық сайтында хабарланды.
Темірбек Мұсағалиев Қарағандыдағы медициналық институтта оқыған, 1985 жылдан бері Атырауда санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жұмыс істеген. 2003 жылы Атырауда Қоғамдық денсаулық сақтау департаментін басқарған. 2018 жылы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде басшы қызметін атқарған.