Өңірлерге бөлінген қаражаттың 176 млрд теңгесі әлі игерілмеген – Жамаубаев

Бюджетті игермеу бойынша Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау және Батыс-Қазақстан облыстары көш бастап тұр

Өңірлерге бөлінген қаражаттың 176 млрд теңгесі әлі игерілмеген – Жамаубаев
Фото: inbusiness.kz

Биылғы 11 айдағы жергілікті бюджеттердің шығыстары 12 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атқарылмағаны қаражат көлемі - 531 млрд теңге. Бұл туралы Үкімет отырсында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Ал 1 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірлерге бөлінген қаражат көлемі 1 трлн 752 млрд теңге. Оның 89,8%-і игерілген. Атқарылмағаны – 179 млрд теңге, оның ішінде 3 млрд теңге – үнемдеуге жатады, ал 176 млрд теңге игерілмеген. Бюджетті игермеу бойынша Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау және Батыс-Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

Авторы: Еркежан АЙТҚАЗЫ

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.