Экспортқа шығаруға сандық шектеулер енгізілетін тауарлар тізімі бекітілді
Ауыл шаруашылығы министрі «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды. Бұйрыққа сәйкес, Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған тауарлардың тізімі бекітілді. Оған қарақұмық, картоп, пияз, дәндер, қант, күнбағыс майы кірді.
Сондай-ақ экспортқа шығару үшін сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізімі бекітілді. Бұл тізімге сәбіз, шалқан, қызылша, қырыққабат, ұн, жұмсақ бидай кіреді.
Бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қыркүйегінде күшін жояды.