«АрселорМиталл Теміртауды» қазақстандық инвестор сатып алады

Автор: Azattyq Rýhy

Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады

ҚР премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтегі брифингте «АрселорМиттал Теміртауды» қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазір біз компанияны атай алмаймыз, бірақ бұл кәсіпорынды нарықтық құны бойынша сатып алатын отандық инвестор болады. Бұл инвестор қыркүйек айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнеспен кездесуіне қатысты», - деді Роман Скляр.

Ол бірінші кезекте оның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуын қадағалайтынын атап өтті.

«Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады», - деді ол.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырды