Елімізде инфляция деңгейі 11,8%-ға дейін төмендеді

Автор: Мира Байбек

Бірнеше өңірде экономикалық даму көрсеткіштері жоғарылаған

Фото ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Қазақстанның биылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

9 айдың қорытындысы бойынша Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштің өсуі тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде инфляция деңгейі 11,8%-ға дейін төмендеді.

«Жылдың соңына дейін 2,5 ай қалды. Экономиканың барлық саласында өсу қарқынын арттыру үшін нақты шаралар қабылдау керек», — Премьер-министр.

Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және отандық азық-түлік өндірісін ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

«Шетелдік және отандық инвесторларды тарта отырып, шикізаттық емес секторларда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, IT, туризм және басқа салаларда инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге баса көңіл бөлу керек», — деді Әлихан Смайылов.