Қазақстанда жұмыс істемейтін ата-аналарға 21 млрд теңге жәрдемақы төленді

Бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды

Қазақстанда жұмыс істемейтін ата-аналарға 21 млрд теңге жәрдемақы төленді
Фото ашық дереккөзден

Соңғы бірнеше жылда елімізде жұмыс істемейтін ата-аналарға мемлекет бюджетінен  қомақты сомада жәрдемақы төленіп келді. Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, тек 2023 жылдың 1 тамызына дейін 100 мыңнан астам адам жалпы сомасы 21 млрд теңгеге жуық жәрдемақы алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды.

«2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439,6 мың ата-ана 144,8 млрд теңге сомаға табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.  

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.