Үкімет басшысы «Қазақстан» шахтасында іздестіріліп жатқан кеншілердің отбасымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ, Премьер-министр шахтадағы апатқа байланысты жедел кеңес өткізеді

Фото: t.me/KZgovernment

Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездеседі, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шахтинск қаласында Премьер-Министр бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.

Еске сала кетейік, «Қазақстан» шахтасында төтенше жағдай орын алып, шахтада жүрген кеншілер құтқарылған еді. Өкінішке қарай, 3 шахтер қайтыс болды. Тағы екі кенші әлі іздестіріліп жатыр.