Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті
Айта кетейік, бүгіннен бастап елімізде коронавирус инфекциясына байланысты бүкіл ресми мәліметтерді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жариялап отырады. Дәурен Абаевтың айтуынша, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы.
Дегенмен, Абаев мәлім еткендей, журналистер жергілікті атқарушы органдар коронавирус инфекциясына байланысты ақпарат сұратса, ресми органдар Ақпарат министрлігіне сілтеме жасамай, жауап беруге міндетті.
«Құрметті қазақстандықтар! Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы ақпаратты бір орталықтан таратуды тапсырды. Бұл жұмысқа жауапты болып бідің министрлік бекітілді. Сондықтан, алдағы уақытта біз сіздерге мемлекеттік комиссия, үкімет, орталық мемлекеттік органдар атқарып жатқан шаралар туралы тұрақты түрде хабарлап отырамыз. Бірақ, бұл журналистердің жергілікті атқарушы органдарымен қалыптасқан жұмысына кедергі келтірмейді. Денсаулық сақтау басқармалары қажетті болған кезде сіздермен бұрынғыдай байланыста болады», - деді Абаев.