$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2023, 08:17
Үкімет

Алдағы жылдары Қазақстанда тауарлық газ өндірісі бірнеше есеге артпақ

Елімізде бірқатар өндірістік және инфрақұрылымдық газ жобалары жүзеге асырылып жатыр

 

Алдағы жылдары Қазақстанда тауарлық газ өндірісі бірнеше есеге артпақ
Фото: bsgp.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру, тұрғындарды, өнеркәсіптік нысандар мен коммуналдық қызметтерді отынмен қамтамасыз ету шаралар, сондай-ақ бірқатар басқа да мәселелер талқыланды. 

«Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде таяу жылдары республикада тауарлық газ өндірісі бірнеше есе артуға тиіс екені аталып өтілді», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, газ шығынын азайту, оны пайдалану тиімділігін арттыру және есепке алу шаралары қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдар мен мүдделі ұлттық компанияларға саланы дамыту шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары