Басшы тараптар бірін-бірін түсініп жатқанын жеткізді
Бүгінде еліміз арқылы Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау (транзит) үшін келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Azattyq Ryhy.
«Бүгінде (Қазақстан арқылы) ресейлік газды Өзбекстанға тасымалдау (транзит) мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатыр. Ол конструктивті түрде жүруде. Келіссөз нәтижесін сіздерге хабарлаймыз», - деді министр Үкімет отырысынан соң.