$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2023, 09:07
Үкімет

Қазақстан Ауғанстанға 5,5 мың тонна гуманитарлық көмек жөнелтті

Дәрі-дәрмек қораптары әуе жолы арқылы жеткізілді

Қазақстан Ауғанстанға 5,5 мың тонна гуманитарлық көмек жөнелтті
Фото: primeminister.kz

Ауғанстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин гуманитарлық және сауда миссиясымен Кабулға барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкімет басшысының баспасөз қызсетіне сілтеме жасап.

Дәрі-дәрмек қораптары әуе жолы арқылы жеткізілді.

Жалпы көлемі 5 403 тоннаны құрайтын (81 вагон) негізгі гуманитарлық жүк теміржол көлігімен жеткізілді.

Гуманитарлық көмек азық-түлік өнімдерінен (сүт консервілері, өсімдік майы, ұн, қарақұмық) тұрады.

«Президент тапсырмасы бойынша біз Қазақстан халқы атынан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін келдік. Біздің гуманитарлық миссиямыз қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. Осынау мұсылмдандар үшін берекелі уақытта баршаға бейбітшілік пен тыныштық тілейміз», — деді Серік Жұманғарин. Ауғанстанға сапары аясында Серік Жұманғарин сауда және өнеркәсіп, сыртқы істер, байланыс және телекоммуникация министрлерінің міндетін атқарушы, вице-премьер м.а. Абдул Гани Барадармен кездесті.

Серіктес жаңалықтары