«Jas Otan» белсенділері ел бойынша 270 жатақханаға тексеру жүргізді
Елімізде 92 720 студентке жатақханадан орын жетіспейді. Бұл туралы «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев айтты. Оның айтуынша, ЖОО мен колледждерде оқитын әрбір 4-інші студент жатақханаға мұқтаждығын айтқанымен, олардың 33%-ына орын берілмеген.
2 мыңнан аса «Jas Otan» белсендісі мен студенттер бірлесе отырып, ел бойынша 270 жатақханаға тексеру жүргізді. Ұйымдастырушылар тексеру нәтижелерінің көңіл көншітпейтінін айтып отыр.
«Мониторинг барысында Қазақстандағы 66 жатақханада қарапайым санитарлық талаптар сақталмайтынына көз жеткіздік. Мәселен, жатақханалардың бірінде ас дайындайтын және кір-қоң жуатын бөлме бір. Яғни, студенттер ас әзірлейтін жерде кірді де жуады. Тағы бір аса маңызды мәселе – өрт қауіпсіздік шараларының сақталмауына қатысты. Қосалқы шығу есіктері ашылмайды, тіпті, терезелердің тұтқасы болмағандықтан, бөлмені желдетудің өзі мүмкін емес», - деді Елнұр Бейсенбаев.
Осылайша, жасотандықтар Қазақстандағы ең нашар студенттер үйінің тізімін жасады. Олардың қатарына төмендегі оқу орындарының жатақханалары кірді:
Айта кетейік, бұған дейін осы мәселе ағымдағы жылдың ақпан айында «Nur Otan» партиялық бақылау комитетінің отырысында талқыланған еді. Сол жиында Комитет мүшелері Білім министрлігінің студенттер, магистранттар және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының тиімсіз игерілгенін атап өткен болатын.
Оқи отырыңыз: Елбасы тапсырмасы: студенттерге жатақхана салу 25% ғана орындалды
Еске сала кетейік, Елбасы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылдың соңына дейін бүкіл Қазақстан бойынша 75 мың орындық жатақхана салу жоспарланып отыр.