Маскалар шетелге сатылып кетті
Сау адамға медициналық масканың керегі жоқ. Бұл туралы «Ашық алаң» бағдарламасына қатысқан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
«Маска тек қана медициналық қызметкерлерге керек. Вирус жұқтыру қаупі шекарадағы қызметкерлерге, санитарлық дәрігерлерге қажет. Олар күнделікті 15-20 шақты адамды аралап келеді. Соларды қорғауымыз керек», - деді министр.
Оның айтуынша, министрлік осы мақсатқа қажетті маскаларды сатып алып жатыр.
«Масканы тек ауру адам кию керек. Бұл вирустың ары қарай таралмауы үшін керек. Өткен айда дәріханаларда 20 млн маска сатылып кетті. Оның көбі шетелдерге кетті. Біз оны білеміз. Азаматтар сатып алып жіберіп жатыр», - деді министр.
Оның айтуынша, медициналық маскаларды экспортқа шығаруға тыйым салынған.