$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2020, 10:29
Үкімет

«Қазатомөнеркәсіп» әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ұлттық компания мемлекеттік есепке алу ережелерінің талаптарын бұзған

«Қазатомөнеркәсіп» әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті бұрын жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

«Тексеру нәтижелері бойынша ұйғарымды орындамау фактісі бойынша, атап айтқанда ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу ережелерінің талаптарын бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Аталған әкімшілік іс Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылды», - делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары