Қайрат Рахымов – Энергетика вице-министрі

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа вице-министр Теміртау қаласында дүниеге келген

фото: pm.kz

Бүгін Үкімет қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін тәмамдаған.

  • Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды қаласында «Қарағанды-Жарық» ЖШС-да электромонтер болып бастаған.
  • 2007-2015 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде және Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.
  • 2015-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары.
  • 2018 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаментінің директоры қызметін атқарды.