Үкімет Ресейден Қытайға жеткізілетін газды Қазақстан арқылы өткізу туралы ұсыныс берген
ҚР Энегетика министрі Нұрлан Ноғаев ресейлік «Сила Сибири-2» газ құбыры арқылы Шығыс Қазақстан және Павлодар облысына газ жеткізу мәселесі көтерілгенін мәлімдеді.
«Аталған жоба қазір жоспарда. Бірақ әлі нақты жұмыс атқарылған жоқ. Ресейден Қытайға газ жеткізудің түрлі нұсқалары бар. Біз соны Қазақстан арқылы өткізу туралы ұсыныс бердік. Себебі, біз Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарын газбен қамтуымыз керек. Ресей энергетика министрі Новак (Александр Новак – авт.) мырза мұны назарға алды, енді әрі қарай жұмыс атқарамыз», - деді Н.Ноғаев.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан