Шығын конференция өткізу, қызметтік көлік, жиһаз алуға кететін қаржы есебінен азаймақ
Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет бюджет шығындарын 128,6 млрд теңгеге қысқартатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, шығындар семинар, конференция өткізу, қызметтік көлік, жиһаз алуға, іссапар және талдамалық зерттеулерге кететін ақша есебінен азаймақ.
«Жалпы алғанда шығыстарды оңтайландыру бойынша жалпы сомасы 128,6 млрд теңгеге ұсыныстар берілді. Оның ішінде мемлекеттік органдар 23 млрд теңге, өңірлерден 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд теңге қысқарады», - деді ол.
Үкімет басшысы Асқар Мамин осыған қатысты тапсырма берді.
«Жергілікті бюджет шығындары бойынша әкімдіктер мәслихат арқылы аталған жұмыстарды қысқарту жөнінде шешім қабылдау керек. Ұлттық холдингтер мен компания басшылары басқарма отырыстарында шығындарды қысқарту жөнінде бір шешімге келуі тиіс», - деді Үкімет басшысы.
Оқи отырыңыз:
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан