Тұрғымбаев алты өңірдің департамент басшыларын ауыстырды

Автор: Azattyq Rýhy

Ішкі істер министрі бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

фото: polisia.kz

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі мен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен бірнеше өңірде қылмыстық-атқару жүйесі департамент басшылары тағайындалды. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңадан тағайындалған басшылар бұрын облыстардағы ҚАЖД басшысы лауазымдарын атқарған, пенитенциарлық жүйеде көпжылдық тәжірибесі бар мамандар.

  • Ақтөбе облысы бойынша - әділет полковнигі Шамишев Алмас Әбжанұлы;
  • Алматы облысы бойынша - әділет полковнигі Әбдікәрімов Серік Жақсылықұлы
  • Алматы қаласы бойынша - әділет полковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша - әділет полковнигі Ізтілеуов Азамат Әбдіғалиұлы;
  • Қарағанды облысы бойынша - әділет полковнигі Тәкешев Ғазиз Әбікенұлы
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - әділет полковнигі Ахметжанов Рустан Серікұлы.