Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Автор: Azattyq Rýhy

Кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысының Үкіметке берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады

Фото: sputniknews.kz

Жұма күні, яғни 2020 жылдың 24 қаңтарында Үкімет үйінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.

«Кеңейтілген отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады», - деп хабарлайды Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли.