Министрлік Армения мен Қырғызстан көліктеріне қандай жағдайда рұқсат берілетінін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Сауда және интеграция министрлігі ЕАЭО шеңберінде автомобиль әкелуді реттеу туралы ақпарат берді

Жеңіл көліктерді импорттауға қатысты Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген қозғалтқыш көлемі 1 см3 болатын көліктер үшін 12,5%-дан бастап 20%-ға дейін немесе 0,32 еуродан 3,2 еуроға дейін мөлшердегі импортттық баж қолданылады. Импорттық кедендік баж мөлшері автомобильдің қозғалтқыш көлеміне және оның шыққан жылына байланысты. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің хабарламасында айтылған.

«Армения мен Қазақстан тиісті келісіммен ЕАЭО-ына қосылды, келісімге сәйкес елдердің аумағына кедендік әкелу баждарының анағұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылатын уақытша мүмкіндік қарастырылған (АР-сында 10%, ҚР-сында 10% немесе 1 см3 қозғалтқыш көлемі үшін арнайы 0,14-тен 1,4 дейін еуро)», - делінген ведомство хабарламасында.

Армения үшін: төмендетілген баждар бойынша әкелінген автомобильдер шетелдік тауарлар болып танылады. Оларды Армения республикасында тұрақты тұратын адамдар ғана ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттерінің аумағына уақытша әкеле алады. ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттерінің аумағына мұндай автомобильдерді өзге адамдардың әкелуіне және пайдалануына, сондай-ақ оларды иеліктен айыруға, пайдалануға беруге, иеленуіне басқа мүше мемлекеттерінің аумақтарында Арменияда төленген кедендік баждар мен БКТ мөлшерлемелері бойынша төлеуге жататын сомалардың айырмашылығын төлеген жағдайда ғана рұқсат беріледі (Арменияның ЕАЭО-ға қосылуы туралы Шартқа 3-қосымша, 31, 35-тармақтар)», - делінген.

Қырғызстан үшін: Арменияда төленген кедендік баждар мен БКТ мөлшерлемелері бойынша төлеуге жататын сомалардың айырмашылығын төлеген жағдайда ғана Қыргызстанның аумағынан әкетуге рұқсат беріледі.