Олар партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асу барысын талқылады
«Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов пен Үкімет басшысы Әлихан Смайылов партияның республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Бұл туралы А.Оралов өзінің Instagram-парақшасында жазды.
Еске салайық, 2021 жылы Парламент пен жергілікті мәслихаттар сайлауы қарсаңында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы әзірленіп, бекітілген болатын. Онда әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық берілген.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесіп, партияның 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің орындалу сапасына талдау жүргізуде.
Кездесу барысында Үкімет мүшелері мен партия органдарының «Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық», - деп жазды А.Оралов.