Ішкі істер министрлігі мамандандырылған ХҚО-лардың не үшін жұмыс істемей тұрғанын түсіндірді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір ІІМ ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

фото: newtimes.kz

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында ІІМ ақпараттық жүйесінің жаңартылуына байланысты «көлік құралын тіркеу» және «жүргізуші куәліктерін беру» қызметтерін көрсету уақыты ұзарды. Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ бөлімшелеріндегі кезектің саны артуына себепші болды.

«Осыған байланысты 6 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп туындаған техникалық ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізілетін болады, бұдан соң қызмет көрсету қайта жалғасады. Халықты құжаттандыру саласындағы өзге де мемлекеттік қызметтер (жеке куәліктер, паспорттар беру) ХҚО-да штаттық режимде көрсетіледі. ІІМ ақпараттық-өндірістік орталығы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», - деп хабарлайлы ІІМ баспасөз қызметі.

Тегтер: