Асқар Мамин Президентке 2019 жылдың алдын ала қорытындысын баяндады

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады

Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары баяндалды. Қазақстан экономикасын алдағы кезеңге жұмылдыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар Үкіметтің 2020 жылы қаңтардың соңында өтетін кеңейтілген отырысына дайындық барысы талқыланды», - делінген Ақорда сайтында.

Кездесуден кейін Мемлекет басшысы Премьер-министрге бірқатар тапсырма берген.